• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

1-мамырдан бастап өңірдегі барлық саябақтарды ашамыз.

Автор:REVIZORRO

Апр 29, 2020

Құрметті жерлестер, сіздерге қуанышты жаңалықты жеткізгім келеді. 1-мамырдан бастап өңірдегі барлық саябақтарды ашамыз. Бүгін Өскемендегі демалыс орындарының дайындығын тексеріп, волонтерлермен бірге Жамбыл саябағында ағаштар отырғыздық.

1-мамырдан, сондай-ақ, ата-аналарға балаларымен бірге серуенге шығып, саябақтарда қыдырып, таза ауада дене шынықтырып, алаңқайларда ойнауға рұқсат етіледі. Өкінішке орай, әзірге бұның бәрі берілген рұқсат қағаздары негізінде және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы мүмкін.

Ал 4-мамырдан бастап карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетеміз. Осылайша, санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық шараларды қатаң сақтау жағдайында бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысын қайта бастауға рұқсат береміз.

Бұған дейін хабарланғанымдай, 4-мамырдан екі бағыт бойынша – Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе қозғалысын ашуды жоспарлап отырмыз. Уайымдаудың қажеті жоқ, ұшу барысында барлық жолаушылар ПТР әдісімен тестілеуден өтеді. Бұдан бөлек, менің тапсырмам бойынша біздің қалаларға келетін барлық адамдар міндетті түрде қосымша экспресс тестілеуден өтеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?