• Сб. Апр 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағандыда өртте 26 адам құтқарылып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Автор:REVIZORRO

Апр 30, 2020

30 сәуірде сағат 05:23-те Қарағанды қ. Ерубаев көшесі 48/1 үй мекен-жайында орналасқан бес қабатты үйдің кіреберісінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына №10 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді.Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мекен-жайдан түскен көптеген қоңырауларға байланысты өрт орнына қосымша №13 өрт сөндіру бөлімінің күштері жіберілді.

Оқиға орнына сағат 05:28-де келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері кіреберістің бірінде қатты түтіндеу болып жатты, жану ошағы бірінші қабатта орналасқан пәтерде болған, 25 шаршы метр аумақта жиһаз бен заттар жанған.

Қатты түтіннің салдарынан жоғарғы қабаттарда орналасқан пәтер тұрғындарының өміріне қауіп төніп тұрды. Адамдар өз бетінше пәтерлерден шыға алмады.

Құтқарушылар дереу адамдарды құтқаруға кірісті.

Пәтерлерден барлығы 26 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құтқару қалпақтарының көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізді. Автосаты арқылы 4-ші қабаттан 3 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала.

Сондай-ақ кіреберістен 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 28 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 05:55-те жойылды.

Өрт сөндіру басшылары мен жеке құрамның сауатты және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзімде және минималды алаңда жойылды. Адамдар жарақаттануы мен қазасына жол берілген жоқ.

Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отты абайсыз қолдану болды (темекі шегу).

Қарағанды облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?