• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Д. Ахметов: Жақсы жаңалықты жеткізгім келеді!

Автор:REVIZORRO

Май 5, 2020

Құрметті жерлестер, жақсы жаңалықты жеткізгім келеді!

Сіздердің көптеген өтініштеріңізді назарға ала отырып, ШҚО-ның жедел штабы мерекеде, яғни, 7-10 мамыр аралығында саяжай учаскелеріне жеке автокөлікпен баруға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Осылайша тұрғындар осы күндері қалада немесе блок-бекеттерден ары орналасқан өз саяжайларына барып демалып, жұмыс істей алады. Рұқсат қағазының жұп немесе тақ күндеріне қарамастан.

Ең бастысы, өзімен бірге бау-бақша серіктестігінің мүшелік кітапшасын немесе құқық иелігі туралы кез келген басқа құжат болуы тиіс.

Біз мамыр мерекелерінде белсенді жұмыс басталатынын түсінеміз. Көптеген адамдар табиғатта демалғысы келеді. Бұл біздің әрқайсымыз үшін өте маңызды. Алайда, коронавирустың жаңа жағдайларының таралуын және көбеюін болдырмау үшін сақтық шараларын қатаң ұстап, көршілеріңізбен әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймын.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?