• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Нұрсерік Шәріпов: Құрметті қарағандылықтар!

Автор:REVIZORRO

Май 6, 2020

Құрметті қарағандылықтар!

Баршаңызды келе жатқан 7 Мамыр – Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Қос мерекенің Қазақстан халқы үшін алар орны ерекше. Қуаныш пен қайғысы қатар жүретін Ұлы Жеңіс мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, әрі аса қымбат.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді және олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңызды келе жатқан қос мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға мол бақыт және елімізге бейбіт өмір тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қарағанды облыстық сотының төрағасы
Нұрсерік Шәріпов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?