• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қала басшысы құрылыс нысандарын аралады

Автор:REVIZORRO

Май 6, 2020

Қала басшысы құрылыс нысандарын аралады-деп хабарлады, Шымкент қаласының білім басқармасы баспасөз қызметі. Шахар басшысы М. Әйтенов, қала әкімінің орынбасары А.Мамытбеков және білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева Шымкенттегі құрылысы қарқын алып жатқан бірқатар мектептер мен балабақша нысандарын аралап көрді. Жалпы, биыл Шымкентте 15 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Айта кетейік, Олар: 7 мектеп, 6 балабақша, 1 колледж, 1 саз мектебі.
Қала әкімі алдымен Х. Досмұхаметов атындағы №4 жалпы орта мектеп ғимаратының құрылысымен танысты. Аталмыш ғимарат 1939-1991 жылдары кірпіші қаланған. 1200 орынға арналған білім ордасына таяуда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.Игі істі қазір мердігер компания «Югстрой сервис-Н» ЖШС –нің жіті қимылдауы нәтижесінде аталған білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарын тапсыру осы жылдың 20 тамызында тапсырылатын болады. Әрбір құрылыс материалының сапасына аса көңіл бөлген аймақ басшысы тиісті сала мамандарына тапсырмалар берді. Әкім Әйтенов барған екінші нысан Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп ғимараты 1963 жылы 750 орынға арналып салынған. Бұл нысанның құрылысына «Өмірзақ» ЖШС-ігі жауапты. Мұнда, 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Қосымша ғимарат ел игілігіне 2020 жылы желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Ал, №13 «Ертөстік» атындағы балабақша сонау 1939-1984 жылдары 310 орынға арналып салынған ғимарат. Әбден тозығы жеткен көне ғимаратқа күрделі жөндеуді «Каз интер Гроуп» ЖШС -гі жүргізіп отыр. Құрылыс компаниясы аталған балабақша ғимараты осы жылдың 31- тамызында аяқталмақшы. Іске Сәт!
Сонымен қатар, №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отан ЛТД» ЖШС-гі арқылы асхана, шеберхана, спорт зал құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі мердігер компанияның өкілдерімен тілдесіп, жауаптыларға жұмыстарды қарқындатуды тапсырды. Жаңа нысанды пайдалану кезеңі 2020 жылға жоспарланған.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?