• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйіге инвестор анықталды.

Автор:REVIZORRO

Май 7, 2020

Қала әкімі Алтай Көлгінов 7 мамыр күні қаланы аралау барысында әлеуметтік тұрғын үй, білім беру және үлестік құрылыс нысандарының құрылыс барысымен танысты.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Мәңгілік Ел №29 және №30 қиылысында орналасқан «Хазар» («Загреб») тұрғын үй кешенінің инвесторы анықталды. Қазіргі уақытта үй қаржыландырылды, жер учаскесі рәсімделді, объектіде құрылыс жұмыстары басталды. Үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «ЕКК» ЖШС мен инвестордың қатысуымен салынады.

Құрылысы ұзаққа созылған «Талисман» тұрғын үй кешенінде (Е542 и Е567 көшелерінің қиылысы) құрылыс жұмыстары басталды.Биыл шамамен 8 мың үлескері бар 20 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі. 2019 жылы 2,5 мың үлескері 10 үй пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Үй «Пригородный» елді-мекенінде орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды. 8 мыңнан астам жеңілдікпен берілетін пәтер салынады. Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген.
Үй құрылысы барысында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты ескеріледі.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?