• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Еріктілердің еңбегін министрдің өзі бағалады

Автор:REVIZORRO

Май 9, 2020

9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов еліміздегі төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаладан шығар жолдағы 18 бұғаттау бекеттері және қала ішілік көше қиылыстарында 20 бекетте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш жігерін аямай, өз үлесін қосқан Шымкент қаласының белсенді азаматтарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғұмбаевтың «Алғыс хаты» мен арнайы гүл шоғын табыстап, олардың игі істерін ерлікке балап, мерекемен құттықтады- деп жариялады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Мерекеде мерейі үстем болғандардың бірі ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер, қоғам белсендісі, Орынбек Айгүл Сатбайқызы «Ордабасы» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен қаладағы жалпы 5 бұғаттау-бекеттерінде тұрған қызметкерлерге өздерінің жасаған тағамдарын жеткізді.

«Ерлік-бірлікте емес, жүректе»,- деп санайтын Гапыржан Ярметов, Салимов Баходир Сативалдиевич және Қалиева Гүлнара Асанқызы сынды азаматтарымыз қалыптасқан төтенше жағдай кезінде кәсібінің кіріс табысы азайғанына қарамастан, індеттін алдын алуға өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, оқшаулауға алынған аумақтарды күзетуге жұмылдырылған қызметкерлерге мейрамханасы мен қонақ үйдің ғимараттарын, қажеттілігін ескеріп өз шаңырағының бөлмесін пайдалануға берді.

Жастар жылы аясында Полиция департаментінің қызметкерлеріне көмек қолын созғандардың бірі – еріктілер! Софья Лагода Васильевна қаланың шығаберісінде 2 бұғаттау-бекеттерінде тұрған жалпы 35 қызметкерге ыстық кофе мен тамақ өнімдерін алып барып, полиция қызметкерлерінің алғысын алды.

Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?