• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Нұр-Сұлтанда орналасқан кәсіпорындар қандай жағдайда жұмысын қайта бастай алады?

Автор:REVIZORRO

Май 11, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлардың, сауда үйлерінің, қонақ үйлердің, мейрамханалардың, сауда ойын-сауық орталықтары және т.б. өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді. Онлайн-кеңесте ҚР Президентінің басшылығымен өткен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге байланысты Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы бойынша түсініктеме берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес азық-түлік емес тауарлар сататын базарлардың жұмысы тұрғындардың COVID-19 індетіне шалдығуы 7 күн ішінде 7% — дан аспаған жағдайда және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана қайта басталады:

— ғимараттардан тыс орналасқан сауда орындарының жұмысына рұқсат берілді (контейнерлер, жеке тұрған сауда қатарлары, бутиктер);
— барынша қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау режиміне ауыстыру қажет;
-ғимараттардың ішінде сауда жасауға болмайды. Кинотеатрлардың, ойын-сауық нысандарының, балаларға арналған ойын алаңдарының, аттракциондардың, педикюр, маникюр және басқа да косметикалық процедуралар бойынша қызмет көрсететін нысандардың, хайуанаттар парктерінің, фуд-корттардың жұмысына тыйым салынады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмысты қайта бастаудың міндетті шарты — санитарлық нормаларды қатаң сақтау екендігін айтты. Маскалар мен респираторларды уақтылы ауыстырып тұру; жұмыс орындарында, кіреберістер мен сауда аймағында антисептиктердің болуы; клиенттермен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу; сатушы мен клиент арасындағы екі метрлік қашықтықты сақтау; кассалар мен сауда аймағында 2 метр ара қашықтықты қамтамасыз ететін арнайы белгінің болуы қажет; қызметкерлер көп жиналатын учаскелердің жұмысына тыйым салынады. Сонымен бірге топтасып тамақтануға болмайды. Күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмыстарын, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

«Мемлекет уақтылы қабылдаған қатаң шектеу шараларының арқасында қазір жағдайды бақылау мүмкін болып отыр. Алайда індетті жұқтыру қаупі әлі де бар. Біз жаңа ережелерге сәйкес өмір сүруді үйренуіміз керек. Барлық санитарлық нормаларды сақтау қажет. Қызметкерлердің денсаулығы мен коронавирустық инфекцияны жұқтыру мен тарату қаупі үшін ұйымның меншік иесі мен басшысы жауап береді», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қонақүйлердің, сауда ойын сауық орталықтары мен мейрамханалардың жұмысын қайта бастауға рұқсат беру (қазіргі уақытта мейрамханалар онлайн тапсырыс арқылы жұмыс жасап жатыр) эпидемиологиялық жағдайға байланысты келесі кезеңде қаралады.

12 мамырдан бастап қоғамдық көлік пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?