• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елордада велосипедті жалға берудің жетінші маусымы ашылады

Автор:REVIZORRO

Май 11, 2020

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында велосипедтерді жалға беру қызметі жұмысын бастайды. Бірінші кезеңде пайдаланушылар үшін 50 велостансаға 200 велосипед қойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Жалпы велосипедті жалға беру жобасы биыл үш кезеңде жүзеге асырылады. Маусым айында велосипед саны үш есе көбейтіледі. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына 155 стансада 700 велосипед қолжетімді болады.

Жобаның мақсаты – автомобильдер мен қоғамдық көлікке балама қатынау құралын ұсыну, тұрғындарды қолжетімді көлік құралымен қамтамасыз ету.

Велосипедтердің түсі өзгерді. Ашық жасыл – «City Transportation Systems» компаниясының түсі, көгілдір түс – Нұр-Сұлтан қ. және Astanabike логотипінің белгісі. Сондай-ақ, велосипедтерде ашық көк, көгілдір шеңберлер мен нүктелерді байқауға болады. Бұл велосипедшілерді білдіреді.
Велосипедтерді жүйеде тіркеу рәсімін өткеннен кейін ғана жалға алуға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтына кіріп, жеке басты куәландыратын деректерді көрсетіп, келісімшартпен танысып, растау қажет.

Ескерту! Жүйеде 16 жастан асқан адамдар тіркеле алады.

13 мамырдан бастап велосипедтерді жалға алу үшін қажетті абонементті www.velobike.kz сайты арқылы және City Transportation Systems кассаларынан алуға болады.

Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Жалға алу тарифтері өзгермейді:
Стандартты абонементер:
Бір айлық абонемент – 2 500 теңге.
Тоқсандық абонемент – 6 000 теңге.
Маусымдық абонемент – 10 000 теңге.

Жеңілдігі бар абонементтер:
Тоқсандық абонемент – 3 000 теңге.
Маусымдық абонемент – 5 000 теңге.
Пайдаланушылар жеңілдікті растайтын құжаттарды ұсынылған кезде 50% жеңілдік беріледі және ол тек тоқсандық және маусымдық билеттерге қолданылады. Олар:

— зейнеткерлер (зейнеткер куәлігі қажет),
— студенттер (студенттік билет/оқу орнынан анықтама, күндізгі бөлім),
— 3-топтағы мүгедектер (зейнеткер куәлігі/мүгедектік туралы анықтама)

Стандартты немесе жеңілдігі бар абонементтерден өзге пайдаланушылардың есеп-шотында 500 теңге болуы керек. Қаржы аяқталған кезде – велосипедтің экранында «Қате» дегеп жазу көрсетіледі.

30 минутқа дейін велосипедті тегін пайдалануға болады. Бастысы – стандартты абонементтің болғаны. 30 минуттан асқан жағдайда, төлем жалға алу уақытына қарай алынады:

– 0 — 30 мин – абонемент ақысына енгізілген;
– 31 — 60 мин – 100 теңге;
– 61 — 120 мин – 250 теңге;
– 121 — 180 мин – 500 теңге;
– 181 асқан жағдайда әр сағат – 1 000 теңге.

Тәуліктік абонементтер:

– 1 тәуліктік абонемент – 3 500 теңге;
– 3 тәуліктік абонемент – 9 000 теңге;
– 7 тәуліктік абонемент – 17 500 теңге.

Тәуліктік абонементтер – шетелдіктер мен туристерге арналған тариф түрі. Тәуліктік тарифтерді қолдану үшін www.velobike.kz сайтына тіркелу қажет. Жеке кабинетте банк картасы арқылы абоненттік төлем мен депозиттік кепіл енгізіледі. Кепіл – 37 500 теңгені құрайды. Бұл – велосипедтің стансаға қайтарылуының кепілі. Жалдау аяқталғаннан кейін, жалдаудың нақты сомасы есептен шешіледі де депозиттік кепіл қайтарылады.

Қалалық велосипедті жалдау бойынша кеңесті Нұр-Сұлтан қ. әкімдігіні iKOMEK 109 Бірегей контакт-орталығы арқылы алуға болады.

Айта кетейік, елордада велосипедтерді жалға беру жүйесі 2014 жылы іске қосылды. Ол кезде 200 велосипед 40 стансада болған еді.

City Transportation Systems кассаларының мекен-жайы және жұмыс кестесі:

1. CTS орталық кассасы, Қошқарбаев даңғылы, 50/1. Жұмыс кестесі: 9:00-18:00-ге дейін үзіліссіз. Демалыс күні – жексенбі.

2. «Ақжайык» тұрғын үй кешені, Мәңгілік Ел көшесі, 19/2. (кіру Алматы к. арқылы, №10/2 бутик). Жұмыс кестесі: 10:00-20:00 сағ. Түскі үзіліс сағ.: 14:00-15:00 сағ. Демалыссыз.

3. «Өркен» БО, Бейбітшілік көшесі, 25. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-17:00, үзіліссіз. Сенбі күні 10:00-13:00-ге дейін үзіліссіз. Демалыс – жексенбі.

4. «Айтолқын» СҮ, Мүсірепов көшісі, 4/1. Жұмыс кестесі: 10:00 – 20:00. Түскі үзіліс: 14:00 – 15:00 сағ., демалыссыз.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?