• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Илья Ильин директор болып тағайындалды

Автор:REVIZORRO

Май 11, 2020

Төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» мемлекеттік кәсіпорынның директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысы ікімдігі мәлімдеді.
Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ол 2005 жылы 17 жасында ересектер арасындағы ең жас Әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп, Қазақстан Республикасын әлемге танытқан дарабоз спортшы.
Әйгілі ауыр атлет спорттық мансабын аяқтауды жоспарлауда. Жинаған тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, туған жеріне қызмет етуге ниетті.
Айта кетейік, Илья Ильин ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алған.
Қызылорда оюлысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?