• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Бердібек Сапарбаев: Біздің күшіміз — бірлікте!

Автор:REVIZORRO

Май 13, 2020

Өзбекстандағы «Сордоба» су қоймасында орын алған су апаты салдарынан зардап шеккен Түркістан облысының елдімекендеріне қасиетті Әулиеата жұртшылығы алғашқылардың бірі болып көмек қолын созғаны белгілі. Әрине апат айтып келмейді. Бірақ апаттың зардабын шегіп отырған ағайындарға қол ұшын беріп, шын пейілді көмек көрсету ата-бабаларымыздан қалған киелі дәстүр.

Қордай ауданындағы дүнген ұлтының өкілдері мен «Вынхуа» этно-мәдени бірлестігі осындай күрделі кезеңде көршілес аймаққа қолдау ретінде 5,5 млн теңгеге 25 тонна азық-түлік жөнелтті.

Сонымен қатар, облыс бойынша ҚХА мүшелері де қайырымдылық шараларына бей-жай қарамай, ерекше үлес қоса отырып, тағы да 5 млн тг көлемінде азық-түлік көмегін көрсетіп отыр. Олардың қатарында түрік, неміс, шешен, ингуш, өзбек, тәжік, күрд, әзірбайжан, орыс, қарашай, балқар, т.б. ұлттардың өкілдері бар. Аталған ұлт өкілдерінің қиындыққа тап болған Мақтаарал ауданы тұрғындарының тағдырынан сырт қалмай, бірауыздан жұмыла білуі – ел бірлігі мен татулығының, жарасымды тірлігі мен ынтымағының өнегелі үлгісі болса керек.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Төтеннен келген апатта тілектестік пен ізгі ниеттерін танытқан барша ұлт өкілдеріне ықыластары мен қолдаулары үшін алғысым шексіз.
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?