• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

2019 жылы жауын-шашын кәріздері мәселесі «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы екі аймақта толықтай шешілді.

Автор:REVIZORRO

Май 14, 2020

Б.Момышұлы даңғылындағы проблемалық аймақта жауын-шашын кәрізінің магистральды коллекторын салу барысында бұрын салынған құбырларды бөлшектеу жұмыстары жүрді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде құбырдың толықтай тоқтап қалғандығы анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мәлімдеді.

Осылайша, алдағы уақытта мұндай фактілерді болдырмау үшін құрылыстың бір бөлігі ретінде шағын өлшемді құдықшалар көлемді камераларға ауыстырылады. Бұл коллекторге қажетті тазалық жасауға және кедергісіз телеинспекция жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ол құбырдың диаметрін ұлғайтып, Б.Момышұлы даңғылы бойында жаңбыр суын қабылдауға арналған қондырғылар орнатылады. Бұл шаралардың барлығы судың кедергісіз ағуын және су лайының алдын-ала тұндырылуын қамтамасыз етеді.

Жауын-шашын кәріздерінің магистарльдық коллекторының құрылысы жаз маусымында аяқталады. Жауын-шашын кәрізінің ұзындығы шамамен 500 метр болып, Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аумақты қамтиды.

Даңғыл бойындағы көлік қозғалысы жартылай шектеледі. 15 мамырда жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толық жабылады (10 күн).

Сондай-ақ Елордада «Жастар» шағын ауданында (Ташенов пен Амман көшелерінің қиылысында) жеткізуші коллекторларды қайта жаңартуға байланысты тазарту қондырғыларының жұмыстары жүргізілуде. «Жастар» шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл жауын-шашын кәріздерінің өткізу қабілетін едәуір жақсартады. Бұл тазарту қондырғылары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылындағы тасқын судың алдын алады.

2019 жылы жауын-шашын кәріздері мәселесі «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы екі аймақта толықтай шешілді.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?