• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

18 мамырдан бастап елорда балабақшалары кезекші топтардың режимінде жұмысын бастайды

Автор:REVIZORRO

Май 15, 2020

18 мамырдан бастап елорда балабақшалары кезекші топтардың режимінде жұмысын бастайтыны туралы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады. Бұл жұмыс істейтін, баламен үйде отыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналарға көмек ретінде ұйымдастырылды.

18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанның барлық мектепке дейінгі ұйымдары меншік түріне қарамастан бірінші кезекте жұмыс істейтін, баламен үйде отыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін кезекші топтардың режимінде жұмысын бастайды, деді бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

«Әрбір мектепке дейінгі ұйымда бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтарды ашу жоспарланып отыр. Егер бала балабақшаға келмесе, орны сақталады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардағы қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүруде. Ол үшін ата-аналар тәрбиешіге баланың бақшаға баратыны туралы бір күн бұрын хабарлауы тиіс», — деді Ш.Қадырова.

Бұған қоса, балабақшадағы кезекші топтардың жұмысының алгоритмі әзірленді.

«Барлық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес дайындалды: залалсыздандыру, тазарту, мектепке дейінгі ұйымның аумағы мен ғимаратын дезинфекциялау, антисептиктер мен қажетті жеке қорғаныш құралдары – маска мен қолғап сатылып алынды», — деді ол.

Балалар учаскелік педиатордан баланың денсаулығы туралы анықтама әкелген кезде ғана қабылданады. Баланы бақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медицина қызметкері мен ата-анасының көзінше термометрия арқылы міндетті таңғы тексеру жүргізеді.

«Ата-аналарды түсіністік танытып, балабақшада тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз жағдай жасауға көмектесулерін сұраймыз. Ал 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы штаттық режимде жұмысын қайтадан бастайды деп жоспарланып отыр», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы.

18 мамырдан бастап арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық және педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету бөлмелері (ҚППК), оңалту орталықтары (ҚК) санитарлық қауіпсіздік шараларына сақтай отырып жұмысын жалғастырады. Ерекше қажеттілігі бар баланың әрқайсымен жеке жұмыс істеледі және жаңа оқу жылына баратын балаларға арналған оқу бағдарламасы анықталады.

Қандай да бір сұрақтар болса, ата-аналар 55 68 83, 55 68 73, 1445 нөмірі арқылы Білім басқармасының колл-орталығына хабарласа алады.

Ш.Қадырова ТЖ кезінде мемлекеттік комиссияның шешімімен мектепке дейінгі ұйымдар меншік түрі мен балалардың бармағанына қарамастан мемлекеттік тапсырыспен үздіксіз қамтамасыз етіліп отырғанын айтты.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жергілікті бюджеттен жекеменшік бақшаларға 2 856 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру көзделуде.

Қазір елордада 377 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 94-і мемлекеттік, ал 237-і жекеменшік. Бұл ұйымдарға барлығы 55 708 бала барады.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?