• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Биыл, IDAHOBiT тақырыбына сәйкес, біз «тыныштықты бұзамыз».

Автор:REVIZORRO

Май 17, 2020

Халықаралық гомофобия, бифобия және трансфобиямен күрес күніне арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOBiT)-деп, ақпарат тарқатқан, Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен Консулдығы сайтына сілтеме жасап, REVIZORRO
Сілтемеде: https://kz.usembassy.gov/kk/category/%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80/

Бүгін біз гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы (IDAHOBiT) күрестің жыл сайынғы Халықаралық күнін атап өтеміз. Бұл маңызды күні біз Қазақстандағы лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен интерсексуалдардың (ЛГБТИ) қауымдастықтарымен біздің ынтымақтастығымызды білдіреміз.

Биыл, IDAHOBiT тақырыбына сәйкес, біз «тыныштықты бұзамыз». Қазақстанда, әлемнің басқа да кез келген елде сияқты, ЛГБТИ-қауымдастығының көптеген өкілдері зорлық-зомбылыққа немесе стигматизацияға ұшыраудан қорқып, үнсіз қалады. Шындықты айтудан қорықпайтындар, біліңіз, біз сіздерді қолдаймыз. Әлі шындықты айта алмайтындар, біз сіздерді де бірауыздан қолдаймыз. Сіздердің дауыстарыңыз бен әңгімелеріңіз маңызды. Сіздер айқын естілетін болуына лайықсыздар.

Адам құқықтары әмбебап және ЛГБТИ-қауымдастығы өкілдері басқалармен бірдей құрметтеуге, бостандыққа және қорғауға құқылы. Біз бүкіл әлемдегі адамдарды жыныстық бағдарға, гендерлік бірегейлікке және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларға қарамастан, барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігін бекітуді қолдаймыз.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді деп айтылады. Біз ЛГБТИ-қауымдастығын, ұлттық құқық қорғау ұйымдарын, отбасыларды, Қазақстан Үкіметін және оның мекемелерін, жеке кәсіпорындарды және барлық адамдарды кемсітусіз қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі, олардың күш-жігерінде барлық мүдделі тараптарды қолдауға дайынбыз.

– Америка Құрама Штаттарының Елшілігі
– Бельгия Корольдігінің Елшілігі
– Германия Елшілігі
– Грекия Елшілігі
– Израиль Елшілігі
– Испания Елшілігі
– Италия Елшілігі
– Канада Елшілігі
– Нидерланды Корольдігінің Елшілігі
– ОАР Елшілігі
– Португалия Елшілігі
– Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Елшілігі
– Финляндия Елшілігі
– Франция Елшілігі
– Швейцария Елшілігі
– Швеция Елшілігі
– Еуропалық Одақ Делегациясы

Один комментарий к “Биыл, IDAHOBiT тақырыбына сәйкес, біз «тыныштықты бұзамыз».”
  1. Біздің елде ЛГБят-ға орын жоқ, болуын да қаламаймын. Ондайлар болса, қолдап жатқан елшіліктер, оларды өз елдеріңізге әкетіңіздер. Себебі, ұрпағымын ондай арыздарды қасиетті жерімізде тайрандап жүргенін көруін қаламаймын. Ұрпағым дұрыс болып өсіп, ары қарай жалғасуын қалаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?