• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елордада 40-тан астам аулада балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды

Автор:REVIZORRO

Июн 2, 2020

Елордада 40-тан астам аулада балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды-деп хабарлады, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Балаларды қорғау күніне орай «Мейірімділік пен қуаныш күлкісі» акциясы өтті.

1 маусым күні елордада 40-тан астам аулада қалалық әкімдік, полиция департаменті, еуразиялық ивент қауымдастығымен және балалар мерекесі агенттіктерінің ұйытқы болуымен, интерактивті музыкалық-ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды.

«Вирусқа қатысты жағдай әдеттегі мерекелік жоспарды бұзды. Көптеген сын-қатер мен шектеулерге алып келді. Алайда біз барлық санитарлық норманы сақтай отырып, шығармашылық көзқараспен, жасампаздықпен, балаларға мереке ұйымдастырып, ойын-сауық пен қауіпсіздік сабақтарын өткізуді шештік», – дейді ұйымдастырушылар «Elorda Aqparat» ресурсында.

Ювеналдық полиция инспекторы, полиция капитаны Әйгерім Есімсейітова аниматорлар мен полицейлердің түсіндіру жүргізгенін айтты.

«Балалар ұзақ уақыт бойы карантинде отырғандықтан, аниматорлармен бірге олардың көңіл-күйін көтеруді жөн деп шештік. Бағдарлама барысында біз балаларға маска тағып жүру режимін сақтау мен сақтық шаралары бойынша (терезелер жайлы) түсіндіру жүргіздік. Одан бөлек жол қозғалысы ережелерін сақтауды түсіндірдік. Қазір жағажай маусымы басталғандықтан, біз балаларға белгіленбеген жерлерде суға түспеуін, сақтық шараларын сақтауын ұғындырдық. Балалар үйде отырып, сіріңкемен ойнамауы керегін түсіндірдік. Бұл акция қаланың барлық аудандарында өтеді», – дейді инспектор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?