«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу – елордада пандемия кезінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларының бірі. Оның мақсаты – жұмыссыздыққа жол бермеу және қосымша жұмыс орындарын құру.
⠀
Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен, №49 мектепті күрделі жөндеу кезінде 98 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 55-і Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асады.
⠀
Тұран даңғылынан Жиделі (№37) көшесіне дейінгі учаскеде № 26 көшені салу кезінде 189 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
⠀
Қатысу алгоритмі мынадай: «Алдымен Нұр-Сұлтан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына call-орталық арқылы 8 717 257 88 88 нөміріне хабарласу қажет. Содан кейін жұмыс іздеушінің тілектеріне сүйене отырып, орталық мамандары жобаларға лайықты бос жұмыс орындарын таңдап, әңгімелесуге жібереді. Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар тізімі – жеке куәлік, диплом және еңбек кітапшасы (бар болса)», – деп түсіндірді орталық мамандары.
⠀
Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы өз кезегінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізеді, сондай-ақ жобаларда жаңа жұмыс орындарының құрылуына жетекшілік етеді. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді, онда жұмыс беруші-мердігерлермен өзара іс-қимыл жасайтын салалар бойынша бөлінген 12 жоба әкімшісі бар.
⠀
Әкімшілер басталған жұмыс санын, құрылған жұмыс орындарын және жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылған жұмыссыздар санын бақылайды. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ең көп сұранысқа ие бос орындар – электрик, дәнекерлеуші, слесарь, монтаждаушы, ВСДЕ категориялы жүргізуші.
⠀
Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі уақытта 3137 адам жұмыспен қамтылған. Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығы 7 628 адамға жұмыс беруді жоспарлап отыр. 101 ұйыммен ниет хаттамасы жасалды. Елорда тұрғындары әр түрлі салада іске қосылған 95 инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмысқа тұра алады. Нур-Султан қаласы әкімдігі