• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жұмысқа тұрғызамын деп қанша ақша жымқырған

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Сотпен азамат “Н.”-ге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Ұлытау соттары facebook парақшасында жариялады.
2023 жылы азамат “Н.” «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС-не жұмысқа тұрғызамын деп, ақшалай қаражатқа мұқтаж болып, оны оңай және өзіне заңсыз олжа табу мақсатында алаяқтық жасауға, яғни ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыруға бағытталған қылмыстық құқық бұзушылық жасап, жәбірленушілерден жалпы 15 400 000 теңге қаражат алып, материалдық шығын келтіріп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған, яғни алаяқтық, бірнеше рет, ірі мөлшерде алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқырған.
Сот отырысында сотталушы “Н.” кінәсін толығымен мойындап, айыптау актісінде көрсетілген мән-жайлар мен іс бойынша жинақталған айғақтарды дауламайтынын көрсетті.
Соттың үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 3 бөлігі 1 тармағымен сотталушы “Н.” кінәлі деп танылып, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?