• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Мүгедек баланың көзін құртпақ болғаны рас па?

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Шымкент қаласында №5 «Аялы алақан» комуналдық кәсіп орында мүгедектігі бар бала Жаубай Мағжан есімді балаға дене жарақаты салынған. Аталған комуналдық кәсіпорында әдіскер болып жұмыс жасайтын Текебаева Айгул Қалыбаевна, бұрында Шымкент Қаласының Білім Басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып жүрген уақытта, қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті үшін сотталған еді. Енді сотталып сабасына түсудің орнына, арнаулы комуналдық мекемеге жұмысқа тұрып, мүмкіндігі шектеулі баланың денесіне дене жарақатын салып сотталғаны үшін кек қайтарып жатырма?- деген ой пайда болды.
Ресми ақпарат жариялау үшін толық ақпарат алу мүмкін болмай жатыр. Сұхбат беретін бірде бір мекеме байланысқа шыққан жоқ. Тек қана Сардар Әбдіжақияның фейсбуктағы жариялаған ақпаратына ғана Шымкент әлеуметтік қорғау басқармасы парақшасынан:
Азаматша А.К .Текебаева “Аялы алақан” №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 2023 жылдың тамыз айынан бастап, әдіскер лауазымында қызмет атқарып келе жатыр.
Білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып жүрген кезінде, 15.06.2022жылы А.К.Текебаеваның үстінен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында қылмыстық іс қаралып, ҚР ҚК-нің 371-бабы, 2-бөлігі негізінде мемлекеттік мекемеде басшылық қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, ҚР ҚК-нің 369-бабы, 1-бөлігі негізінде кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тағайындалған негізгі жазадан ақталып, сот залынан “дереу босатылу” туралы сот үкімі шыққан.
А.Текебаеваның қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыс орнындағы қызметі, мемлекеттік лауазымдағы қызмет орны болып есептелмейді және әдіскер лауазымы қызметі басшылық лауазымға жатпайды. Ал ,азаматша Н.Төлеушованың ұлы Мағжанға қатысты арызы бойынша, Шымкент қаласы Абай АПБ-де тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. А.Текебаеваға қатысты тергеу жұмысы нәтижесінің қорытындысы күтілуде- деп, мүмкіндігі шектеулі баланың емес, әдіскер Айгүл Текебаеваның құқықтарын қорғағандай жауап жазып жолдапты.
Ал Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы да, оған қарасты №5 «Аялы алақан» комуналдық кәсіп орынның басшылығы да қарасын көрсетуден қашып жүрген сияқты, байланысу мүмкін болмай отыр.
Бүгінгі таңда бұл балақайды көзін құрыту жоспарланғаны туралы ақпарат жетті.
Алдағы уақытта аталған ақпарат бойынша құзырлы органдарға хабарлап, жалғасын жариялайтын боламыз — деп хабарлады Астарлы ақиқат ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия мырза.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?