• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Автор:REVIZORRO

Июн 3, 2019

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ. Орынов 1975 жылы туған. Қазақ тұтыну кооперация институтын, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік және Шымкент университеттерін бітірген.

1996 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарып келеді.

2007-2011 жылдары – Кентау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы.

2011-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Қызылорда Облысының Әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *