«МұрАЗ» ЖШС өрт туралы ақпарат
Сағат 11.03-те шымкент қ. Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан автогаз құю стансада (АГҚС) өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Жарылыс қауіпі болғандықтан 3 шақырылым бойынша ТЖ департаментінің күш және құралдары көтерілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері сағат 11.20-да жетіп келді.
«МұрАЗ» ЖШС-ның ГСС аумағындаәрқайсысы 200 текше метр 2 бос сыйымдылық бары анықталды, ашық отпен 1 сыйымдылық жанған (газдың қалдықтары), екінші сыйымдылық қорғау мақсатында өрт сөндіру бөлімдерінің берген сумен салқындатылды. Сондай-ақ, ГСС аумағында сыйымдылығы 7 текше метр 2 автоцистерна және сыйымдылығы 50 текше метр 2 автоцистерна жарылған. Оқиға орнында 1999 жылы туылған ер азамат зардап шеккен. Өрт сағат 12.21-де оқшауланып, сағат 12.53 толық сөндірілді.
Өрт сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 90 адам жеке құрамы және 21 техника жұмылдырылды. Себептері және материалдық шығынның көлемі анықталуда.
Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
