• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ: ЖАСТАРҒА АДАЛ, ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ ПАРАСАТТЫ БОЛУҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Автор:REVIZORRO

Июн 7, 2019

Түркістан төрінде жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ — Түрік университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты — жастардың рухани және мәдени дамуына серпін беру және сыбайлас жемқолрлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шарада сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Алик Жатқамбайұлы «Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білімнің дамуына ерекше көңіл бөлуде, бұл мемлекеттік саясаттың негізгі үстемдігі. Сондай-ақ, Елбасы осы жылды — Жастар жылы деп жариялады. Жастар үшін барлық бағыттар бойынша неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Сондықтан әрқайсыңыз өз мақсаттарыңызды анық көруге және өз болашақтарыңызды дұрыс жоспарлауларыңыз қажет»- деп жастарға серпін берді.
Сонымен бірге, Жастарды адалдық, парасаттылық принциптерін қалыптастыруда белсенді болуға шақырды.
Жиында Университет ректоры Болатбек Абдирасилов Агенттік тарапынан студенттерді қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға өз ризашылығын білдіріп, Университет пен Агенттіктің аумақтық Департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Жиын соңында студенттер Төрағаға өздерін қызықтыратын бірнеше сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды. Естелік суретке түсті.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *