• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Мегаполистің әкімдері өкілеттілігін тоқтатты.

Автор:REVIZORRO

Июн 12, 2019

Қ. Тоқаев Президентке бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері туралы Жарлықтарға қол қойды
ҚР премьер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлықтарға қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын», — делінген Жарлықтың мәтінінде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаруын қаулы етті.

Осы Жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *