• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Таразда алматылық азамат бөтеннің ақшасын жасырын түрде өз шотына аударған

Автор:REVIZORRO

Июн 14, 2019

Ағымдағы жылдың 11 мен 12 маусымы күндері Жамбыл облысының аумағында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын анықтап, ұстады.

Ол Тараз қаласындағы көлік жуу қызметін пайдалану барысында бөтен адамның ұялы телефонын алып, «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы жасырын түрде телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу немесе телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық).

Қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *