• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ДОДА

Автор:REVIZORRO

Июн 14, 2019

Бүгін «Тараз – Арена» спорт кешенінде «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай облысымыздың мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 8 түрінен (кіші футбол, үстел тенисі, жүзу, армреслинг, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, гір көтеру түрлерінен) спартакиада өткізілді.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев салауатты өмір салтын ұстану еліміздің әр азаматы үшін қажетті екенін басып айтып, барлық мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан төл мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Айтулы жарысқа өңіріміздің түпкір-түпкірінен келген, әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардан құралған 37 команда бақ сынасты. Жалпы іс-шараға 700-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қатысып жарыстың көркін қыздырды.

Нәтижесінде жалпы командалық есепте Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің командасы I орынды, Талас ауданы әкімдігінің құрама командасы II орынды, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің құрама командасы III орын қанжығасына байлады.

Іс-шара соңында ойын жеңімпаздарына марапаттар табыс етілді.

БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *