• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Алматы, Шымкент қалалары мен қалған облыс әкімдері қайда кетті?

Автор:REVIZORRO

Июн 17, 2019

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаевтың жарлыққа қол қойғаны туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады
Нұр- Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *