• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Біз – күйзелісті жеңеміз» тақырыбында тренинг өтті

Автор:REVIZORRO

Мар 5, 2019

2019 жылдың 27 ақпанында Тараз қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің жеке құрамымен күйзелістің алдын алу, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнатуға бағытталған тренинг өткізілді. Тренинг барысында «ХА және кеспе», «Мимика», «Позитивті ойлау», «Бұзылған телефон», «Сергіту сәті» сынды жаттығулар орындалды. Ұжым мүшелері де өз тараптарынан белсенділік танытып, ортақ мәселелері мен олардың шешілу жолдарын талқылап, шараға белсенді түрде қатысып, ашыла түсті.

Тренингте тақырыпқа байланысты кадр жұмысы бөлімінің бас маман психологы Ахатбек Қуатбек Тараз қаласында орын алған төтенше жағдайды тілге тиек етіп, қазіргі қоғамдағы қарым-қатынас сауаттылығы бәрімізге қойылатын талап екендігіне тоқталып, өрт сөндірушінің эмоционалдық қысымнан босап, күйзелістік күйден арылу дағдыларын алға тартып, күйзелісті болдырмау үшін спортзалға жиі бару, билеу, ән айту, бассейнге бару, жақын адамдармен және қызықты жаңа адамдармен танысу қажеттігін, тек осылай жасау арқылы ғана күйзелістің алдын алуға болатындығын атап

өтті. Ол одан әрі жеке құрамға аталған тақырыптағы тренингтер алдағы жарты жылдықта қайта өткізілетінін жеткізді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Кадр жұмысы бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?