• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты «Фронт-офистер» халықпен тығыз байланыс орнатуда

Автор:REVIZORRO

Июл 5, 2019

Жыл басынан бері ҚР ІІМ-нің «2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту туралы» жол картасындағы міндеттермен тапсырмаларды орындау мақсатында, еліміздегі полицияның барлық құрылымдарында фронт-офистер өз жұмысын бастаған болатын. Аталған бағыт қоғаммен кері байланысты нығайтып, полицияның ашықтығын қамтамасыз етуде жақсы жағынан септігін тигізеді. Фронт-офисте өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, жалпы алғанда полиция қызметіне жүгінгісі келген кез-келген тұлғамен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік мол. Бұл халық пен тәртіп сақшылары арасын байланыстыратын алтын көпір болмақ. Осы мақсатта, Түркістан облысы Полиция департаменті жанынан азаматтарға арналған фронт-офис ағымдағы жылдың 22-ақпанында ашылды. Мұнда облыс тұрғындары ішкі істер органдарына қатысты сұрақтарына жауап алып, қабылданған арыз-шағымдардың қаралуын қадағалай алады. Аталған фронт-офистің ашылуы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің қаралу мерзімін қысқартып, полиция жұмысының ашықтығын және сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне өзіндік септігін тигізеді. Фронт-офисте айына бір рет ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков «Қош келдіңіз!» акциясын өткізіп, азаматтарды өзі қабылдайды. «Қабылдауға тұрғындар келіп, полицияға қатысты кез-келген мәселелері бойынша өтініштерін білдіріп, кеңес алады». Сондай-ақ, фронт-офисте көші-қон саласы, әкімшілік полиция басқармасына қатысты мемлекеттік қызметтер де көрсетіледі. ПД-нен «Халықтық-кеңсе» ашылғалы бері яғни 25.02.2019 – 27.06.2019 аралығында 570 тұрғынды қабылдаған. Оның ішінде ЖПҚ, ӘПБ-на қатысты сұрақтарымен 193 азамат, ТБ,АБ-на 174 азамат, КСБ-на 51 азамат, Қаржымен қамтамасыз ету Басқармасына 17 азамат, ӨҚБ-на 30 азамат, КПБ-на 6 азамат, кеңсеге – 28 азамат, ТО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің жеке қабылдауына өтініштерімен 28 азамат, ТО ПД бастығының орынбасары Б.Халықовқа 5 азамат өз өтінішімен, КСБ бастығының орынбасарына тұрғын-үй мәселесі бойынша 2 азамат, ЕҚІҚБ- на осал объектілер бойынша 30 азамат, Ішкі және сыртқы коммуникация бөліміне жеке мәселелерімен 6 азамат келіп, құқықтық көмек алған. Бүгінгі таңда, Полиция департаментінің аудандық бөліністері де қызмет көрсетудің сервистік түріне көшуде. Енді Полиция бөлімшесіне келуші азаматтарды қатаң тәртіп жүйесі және мықтылап бекітілген есіктер

емес, жанға жайлы, барлық жағынан ауыл тұрғындарына қолайлы фронт-офистер қарсы алады. Атап өтер болсақ, Келес, Жетісай, Мақтарал АПБ-і жаанынан тұрғындарға арналған заманауи фронт-офистер ашылды. Онда ыңғайлы күту аймағы, ақпараттық стендтер, теледидар және WiFi қарастырылған. Келес ауданындағы кеңсе 22 мамырда ашылып, бүгінгі күнге дейін 180-ге жуық азаматтарды қабылдаған. Ал, Мақтарал және Жетісай аудандарында 17-маусым күні ашылған фронт-офистер, өз жұмысын құлшыныспен бастап, алғашқы аудан тұрғындарын қабылдап, құқықтық кеңес беруде. Сондықтан, Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты аудандардағы полиция бөлімдерінен ашылған фронт-офистер, тергеу және анықтау, әкімшілік тәжірибе, құжат айналым, көші-қон қызметі, кадр саясаты жалпы полицияға қатысты барлық мәселелері бойынша әрдайым көмек көрсетіп, кеңес беруге дайын.
Айдана Қанатбекқызы
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?