• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

20 жастағы Алматылық тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіленді

Автор:REVIZORRO

Мар 18, 2024

20 жастағы Алматылық тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіленді — деп хабарлады Facebook парақшасында Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров.
Полиция қызметкерлері Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынынан «мефедронның» ірі партиясын тәркіледі.
Есірткі сатушысын ұстау іс-шарасын «Буран-050» патрульдік экипажаның көмегімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген.
Күдікті «Тойота Камри» көлігімен жолаушы ретінде жүрген.
«Жеке тінту кезінде күдіктіден құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар 25 бума тәркіленді. Ал көліктің ішінен орындық астынан осыған ұқсас 44 байлам табылды және тәркіленді. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама жүргізіліп, оның нәтижесінде бұның «мефедрон» есірткі заты екендігі анықталды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?