• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ТҮРКІСТАН: ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ «АДАЛДЫҚҚА БАУЛУ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЛЕРДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Автор:REVIZORRO

Июл 18, 2019

17 шілде күні Төлеби ауданындағы «Біркөлік шатқалы» жазғы балалар лагерінде «Адалдыққа баулу» жазғы мектебі оқушылардың арасында өтті.

Аталған мектеп «Түркістан – адалдық алаңы» Жобасы аясында облысымыздағы барлық жазғы лагерьлерінде ашылып, түрлі бағыттағы шаралардың өтуімен жалғасуда.

«Адалдыққа баулу» Жазғы мектебінің басты мақсаты – жазғы демалыс кезінде өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыру.

Мектеп жұмысымен танысу үшін және арнайы дайындалған игі шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Абдраманов, «Түркістан – адалдықалаңы» Жобалық кеңсесінің өкілі Е.Тұңғышбаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының әдіскері Э.Байдарбекова, Төлеби аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева қатысып, ұымдастырушыларға өз Алғыстарын айтты.

Бұл мектептерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бағытында бірыңғай сағаттар, ойын-сауық және театрландырылған қойылымдар, сурет конкурстары мен көрмелер, сондай-ақ спорттық шараларды өткізу арқылы жас өрендердің болмысына парасаттылық пен адалдық құндылықтарын сіңіруді көздейді.

Айта кетсек, қоғам індетіне қарсы күресуге үндейтін бұл «Адалдыққа баулу» Жазғы мектептері Республикамызда тұңғыш рет ашылып отыр. Бұдан былай, бұл тың бастама алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?