• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Беларусь делегациясы отандық электронды сот жүйесіне жоғары баға берді

Автор:REVIZORRO

Июл 18, 2019

Сапар барысында Беларусь делегациясы істерді электронды форматта жүргізу бойынша қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін зерделеп, Жоғарғы Соттың ақпараттық жобаларымен танысты.
Н.Ахметзакиров меймандарды қарсы ала келе, электронды сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Департамент басшысы атап өткендей, ақпараттық технологияларды қолдану сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңтайландырудың және сот ісін барынша айқын жүргізуге қол жеткізу бағыттарының бірі болып табылады.
«Тұрғындардың соттармен кез-келген уақытта барынша ыңғайлы байланыс жасауына мүмкіндік беретін неғұрлым жеңіл әрі ұғынықты құралдарды әзірлеп, енгізуге баса назар аударудамыз», — деді Н.Ахметзакиров.
Департамент басшысы электронды сот төрелігін дамытуға бағытталған серпінді жобалар туралы ойларымен бөлісті. Ол «Цифрлық талдау» және «Істің шешімін болжамдау» сервистерін әзірлеуді электронды сот төрелігін жаңғыртудағы маңызды қадам деп атады. Сервистер жасанды интеллект негізінде қызмет атқаратын болады. «Аталған жобаларды сынақтан өткіземіз, олар өз кезегінде болжамды сот практикасын қалыптастыруға, ал адамдарға өздері тап болған құқықтық жағдайды жақсырақ түсінуге ықпал етеді», — деді Департамент басшысы.
Сапар шеңберінде шетелдік меймандарға Ахуалдық орталықтың, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің, «Сот кабинеті», «Сот процестерінің аудио-бейнежазбасы», «Е-кадр», «Мобилді бейнебайланыс», «Digital Agent» және т.б. сервистерінің жұмысы таныстырылды.
Меймандар электронды сот ісін жүргізу тәртібінің алгоритмімен, яғни қылмыстық істі қозғаудан бастап, сот актісін шығарғанға дейінгі процеске зор қызығушылық танытты. Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің өкілі, әділет полковнигі Иван Судникович қазақстандық соттардың электронды сервистерінің қарқынды дамығындығына тоқтала келе, цифрландыру жетістіктерімен танысуға мүмкіндік бергені үшін өз ризашылығын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар цифрландыру саласындағы ақпаратпен және тәжірибемен алмасу бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.
Айдос Садуақасовтың фейсбук парақшасынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?