• Ср. Апр 24th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері республикалық «Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнін қорытындылады

Автор:REVIZORRO

Июл 19, 2019

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету, халыққа жақын болу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында полиция құрылымдарының басшылары мен тәжірибелі мамандары азаматтарды қабылдап, акция өткізді.
2019 жылдың 19 шілде күні таңғы сағат 9.00-ден басталған «Жолда қабылдау» акциясы кешкі сағат 19.00-де өзінің бірінші күнін қорытындылады. Яғни, облыс орталығы Түркістан қаласының Есімхан алаңы мен Тәуке хан көшесінің бойындағы Қуаныш базарында және облысқа қарасты 16 ауданда ұйымдастырылған акцияға 1200-ден астам азамат қабылданды.
Акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері кеңінен қаралды. Тұрғындардың басым бөлігі автокөлік құралдарына байланысты сауалдарын қойды. Ал, әлеуметтік желі арқылы жол жүру қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар жолданды.
Ішкі істер саласы қызметкерлеріне қатысты сұрақтарымен келген тұрғындарға әкімшілік полиция, жол-техникалық инспекция, жергілікті полиция, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мен басшылары тікелей жауап берді. Шілденің шіліңгір күнінің ыстығына қарамастан ашық аспан астында отырған білікті мамандардың жауабына көпшілік тұрғындар алғыстарын білдіріп жатты.
Естеріңізге сала кетсек аталмыш акция ертең, яғни 20 шілде күні де таңғы сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жалғасын таппақ. Сондықтан кез-келген тұрғын немесе қала қонағы өздерінің полиция қызметіне қатысты сұрақтары мен көкейіндегі мәселелері болса акцияға белсенді қатысып, толыққанды жауаптарын алуына мүмкіндік бар. Халыққа жақындауды басты мақсат санаған сақшылар сіздерді қабылдауға әрқашанда дайын. Келіңіздер, акцияға белсене қатысыңыздар.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?