• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Халық және бизнеспен байланыстың белсенді және тиімді жүйесін құруға ерекше назар аударды»

Автор:REVIZORRO

Июл 22, 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халық және бизнеспен байланыстың белсенді және тиімді жүйесін құруға ерекше назар аударды- деп жазады фейсбук парақшасында Анар Жаилганова

Азаматтардың мемлекеттік мекемелердің қызметіне деген сенімі жоғары деңгейде болмаса кері байланыс – бұл мемлекеттік басқарушылар үшін «перпетуум мобиле» болмақ.

Мысалға, әлеуметтік желідегі шағымдарды талдау нәтижесінде көптеген азаматтар құжаттарды бұрынғыдай қолдан қолға бере отырып ұсынуды қалайтындығы анықталды. Ал бұл өз кезегінде олардың заңды құқықтарын бұзу тәуекелдеріне, артық мәліметтер мен анықтамаларды талап етуге мәжбүрлейді.

Бүгінде қызметтердің 72,7%!! (жылдың соңына дейін – бұл барлығы 80%) электронды түрде, сондай-ақ қызметтердің 60-тан астам түріне ЭЦҚ пайдаланбай қол жеткізуге болады.

Аталған қызметтер @EgovKzBot https://apps.apple.com/kz/app/egov/id955411836 және mGov мобильдік қосымшасы https://apps.apple.com/kz/app/egov/id955411836, https://play.google.com/store/apps/details…) заманауи интернет-өнімдер бойынша қолжетімді.

Ол үшін қосымша арқылы қажетті қызметті таңдап, қажетті бөлімдерді толтырасыз, деректердің қалған бөлігі әр түрлі ақпараттық жүйелерден алынады. Бұл өте ыңғайлы және жылдам.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, өткен жылы азаматтар халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы салаларында қағаз түрінде 9,7 млн. әлеуетті электрондық қызметтерді алған.

Цифрландыруға жауапты тиісті министрліктердің вице-министрлерін Нариман Мукушев, Rustem Bigari, Айдарбек Сапаровты электрондық қызметтер туралы халықты белсенді түрде хабардар етуге шақырамын.

Yerlan Sakenov, Евгений Рура (Евгений Александрович), Аскар Жанапов (Askar Janapov) сынды әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушыларды электрондық қызметтердің қолжетімділігі және оларды алу әдістерін дәріптеу туралы ақпаратты бұқара арасында ілгерілетуге атсалысуды сұраймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *