• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкент қаласында 21 шілде күні «S-BIKE» веломарафоны болып өтті.

Автор:REVIZORRO

Июл 22, 2019

Алғаш рет Шымкентте, қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «S-BIKE» веломарафонына 150-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Старт «Наурыз» алаңынан бастау алып, қаладан 35 шақырым жердегі «Көлкен ата» көлінде мәре сызығы кесілді. Ауа райының ыстықтығы мен қарама-қарсы соққан жел де қатысушыларды тоқтата алмады. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің тұрақты бақылауымен барлық велошабандоздар марофонды сәтті аяқтады. «Көлкен ата» көлінің бойында тынығып, жексенбіні сәтті өткізген қатысушылардың барлығына арнайы марапаттар табысталып, жүлдегерлерге қаржылай сыйақы берілді.
Осы марафонда жүлделі орынға ие болған Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 6 рота взвод командирі Райым Шыңғысхан Мұратбекұлын құттықтаймыз!
Сондай-ақ, барлық жеңіске жеткен азаматтар үшін қуаныштымыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?