• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Балаларға көмек мекені

Автор:REVIZORRO

Авг 25, 2018

Қыркүйек айы жақындаған сайын балаларының мектепке әзірлігі — қандай киіммен, қалай барады деген ойлар ата-аналарды мазалай бастайды. Білім күні әр балақай үшін — мереке күні, себебі — жаңа оқу жылы, жаңа мектептік киімдер, жаңа мектеп құралдары болып есептеледі. Өкінішке орай, әртүрлі себептерге байланысты барлық ата-аналар балаларын мектепке баруына материалдық жағынан қамтамсыз ете алмағандықтан, мейірімді жандар өз еріктерімен көмектесуге қол ұштарын созып жатады. Өркениетті қоғамда әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жанұяларға көңіл бөлмеуге жол берілмейді. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя балалары мен жетім және мүгедек балалар өздерін сырт қалып қалғандай сезінбес үшін 1 қыркүйек күніне сәйкес ұқыпты, қажетті керек-жарақтармен бару үшін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы биылғы «Бақытты балалық шақ мекені!» атты ұранымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қамқорлық жасаудан тыс қалмады.

Қайырымдылық акциясына жауаптылар оқушылардың әлеуметтік жағдайларын, тұрмысын ескере отырып, оқу жылы басталмай тұрып, мүмкіндігінше керек-жарақтарын алып беріп, ұжым алдында ұсынды. Ал балақайлардың көздері бақыттан жарқырап тұрғаны сөзсіз түсінікті болды.

Жамбыл облысы ТЖД КЖБ бас маман-психолгі

Ғалия Елгембаева

REVIZORRO

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?