• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері Арыс қаласының тұрғынынан заңсыз қару тәркіледі

Автор:REVIZORRO

Июл 23, 2019

Ағымдағы жылдың 20-шілдесі яғни демалыс күні қарсаңында, Түркістан облысының полиция қызметкерлері Арыс қаласының көшелерін патрульдеп, бірнеше жас жігіттердің топтасып, жиналып тұрғанын көреді. Олардың бірінен тәртіп сақшылары қаруға ұқсас затты байқап, тоқтауды бұйырады. Алайда, жас жігіттер билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысады. Полицейлер автокөлікке жасырынып қашқан, қаруы бар күдіктінің ізіне түсіп, оны тоқтатады. Автокөлікті тінту кезінде полиция қызметкерлері аңшы қаруын тауып, тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер болған оқиғаның мән-жайын және күдіктінің өзімен қаруды қандай мақсатпен алып жүргенін анықтауда. Айғақты заттар тәркіленді.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?