• Вт. Апр 30th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Алматы облысы билігі Аблязовты қолдап жүр ме?

Автор:REVIZORRO

Июл 23, 2019

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде, «Алматы облысы әкімдігі, М. Аблязовтың саясатын қолдайды ма?»- атты мақала жазған болатынмын. Сілтеме арқылы көре аласыздар.

Алматы облысы әкімдігі, М. Аблязовтың саясатын қолдайды ма?Алматы облысының прокуроры,Алматы облысы әкімінің…

Опубликовано Сардаром Абдижакией Воскресенье, 28 апреля 2019 г.

Сол кезде Жеткиншек Жумаканов аты мен фейсбук парақшасында тіркелген азаматтың іс әрекеттері бойынша ақпарат жариялап, дін саласында жұмыс жасайтын, облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеменің қызметкері, Аблязовты қолдап жатқан сыңайлы деп жазғанымда, фейсбук парақшасында, «Дін Істері Орталығы» — аты мен ашылған парақшадан, «Сардар Абдыжакия мырза Сіздің назарыңызға Жеткиншек Жумаканов облыстық әкімшілік қызметкері емес екендігін жеткіземіз. Аталған пікірді өзінің жеке парақшасынан жазғанын назарға ала отырып, әр азамат өзінің жеке ойын жаза алатындыған айта кеткіміз келеді. Алайда, аталған оқиғаны ескере отырып Жеткиншек Жумаканов азаматтық қызметкер болып табылғандықтан жазған пікірі қызметтік әдебке сай еместігі ескеріліп, тиісті шара қолданылатындығын жеткіземіз. Мұндай олқылықтардың орын алмауын жіті қадағалаймыз!»- деген жауап пен шектелген еді. Сілтемеден көре аласыздар.
https://www.facebook.com/permalink.php…

Артынша, 1 мамыр күні, Жеткиншек Жумаканов атынан жалылған ақпараттарға сүйене отырып, «ЕНДІ ҚОРЛАУ!»- атты ақпарат жариялағанмын. Жеткиншек Жумаканов, менің «көшеде көрсем тұмсығыңды бұзамын»- деп қорлау мен қорқыту әрекеттеріне барған болатын. Сілтемеден оқи аласыздар.

ЕНДІ ҚОРЛАУ!Міне бүгін, өзінің парақшасында Алматы облысы әкімдігінде деп жұмыс орнын көрсеткен азаматтың беті ашылды….

Опубликовано Сардаром Абдижакией Среда, 1 мая 2019 г.

Дін істері бойынша Алматы облысының әкімдігіне қарасты, және мемлекеттік мекемеге тиесілі мекемеде жұмыс жасайтын тұлға дөрекілік танытып жатсада, Алматы облысы әкімдігі тарапынан еш қандай ресми мәлімдеме алмағанмын. Кейіннен ойланып, Алматы облысында баспасөз қызметі мен, ішкі саясат басқармасы жоқ болар деп қала бергенім рас.Міне бүгін, Жеткиншек Жумаканов, мені көшеде көріп тұмсығымды бұзбаса да, «келіншегі» басқа бір журналистің тұмсығын бұзуға сәл қалған көрінеді. Сілтемеден оқи аласыздар
https://kaztag.kz/…/muzh-odnoy-iz-napavshikh-na-zhurnalisto…
Алайда, Жеткиншек Жумаканов менің жеке өзіме шығып, «балалрымның нанынан айырдың»- сынды сөздерді жазған болатын. Мен, Жеткиншек Жумакулов жұмыстан алыныпты ғой деген ой мен қалып едім. Бүгіңгі kaztag.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сенсек, Жеткиншек Жумаканов, өз орнында отырғаны, яғни жұмыстан алынбағанын байқауға болады.
Дін басқармасы, Алматы облысы және прокуратурасы мен бірге, менің 29 сәуірде жариялаған, «Алматы облысы әкімдігі, М. Аблязовтың саясатын қолдайды ма?»- атты мақалама назар аудармай, істі жылы жаба салып қойған екен деген ой миыма қалыптасты.

Алматы облысы әкімі Баталов мырза неге мұндай әрекеттерден хабарсыз, хабарсыз болмаса неге тиісті жазасы мен шараларды қолға алмаған?

Алматы облысы Дін басқармасының беделін түсіру кімнің мақсаты еді?
Әлде Алматы облысы дін басқармасы мен облыс әкімдігі Аблязовты қолдайды ма?

PS: Естеріңізде болса 2018 жылы наурыз айында Мұхтар Аблязовтың «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремисттік деп танылғанын ҚР бас прокуратурасы ресми жариялаған болатын. Сілтемеден көре аласыздар.

Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремисттік деп танылды

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремисттік деп танылды

Опубликовано ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК Понедельник, 12 марта 2018 г.

Сардар Әбдіжақия «REVIZORRO» сараптамалық сайтының редакторы
Нұр- Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?