• Сб. Апр 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері «қызыл кітапқа енген» балықтарды заңсыз аулаған браконьерлерді ұстады.

Автор:REVIZORRO

Сен 6, 2018

Ордабасы АІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тордың көмегімен заңсыз балық аулап жүрген Шымкент қаласының төрт тұрғынын ұстады.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтардан 26 дана заңсыз ауланған балықтарды тәркіледі, оның ішінде 8 дана Қызыл кітапқа енген «Түркістан қаязы» балығы бар. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары браконьерлерден балық аулайтын тор тәркіленіп алынды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Браконьерлерге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Түркістан облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері заңсыз балық аулау жайттарын анықтау мен алдын алу бойынша, басқа да браконьерлік пен табиғат қорғау заңнамасын бұзу бойынша тұрақты негізде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Түркістан облысы

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?