• Пт. Май 10th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкентте дүкеннен садақа салатын жәшіктердегі ақша ұрланған

Автор:REVIZORRO

Авг 5, 2019

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ұрлық жайты тіркелді. 28-нен 29 шілдеге қараған түні белгісіз тұлға қаладағы дүкендердің біріне қабырғасын бұзу арқылы кіріп, 70ге жуық темекі, кассасынан ақша және садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Осылайша дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлермен күдікті анықталып, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде- деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі.
Шымкент қаласы
Сурет шартты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?