• Пт. Май 10th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефонды алдап алып кеткен алаяқты ұстады

Автор:REVIZORRO

Авг 5, 2019

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында саябақта жүрген қызынан белгісіз біреу телефонын сөйлесіп алайын деп сұрап, алаяқтықпен алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 10 000 теңгені құрайды. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабымен тіркелді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында, Шардара АПБ-нің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленушінің күдіктіні сипаттауы аясында, жақын аймақтарда іздестіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтың бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны анықталып, қылмыстың ізін суымай 1-2 сағат шамасында күдікті қала көшелерінің бірінен ұсталды. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты және бұрын сотталмаған. Айғақты зат ретінде ұсталған азаматтан, жәбірленуші жас қыздың ұялы телефоны алынды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстық істерге қатыстылығын анықтауда. Өз кезегінде арызданушы тұрғын «алаяқтық болғанын хабарлағанымда тез арада іске кірісіп, кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары арқасында телефонды тауып берген полицейлерге алғысым шексіз» деп ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ұялы телефондарыңызбен қатар бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар. Таныс емес, адамдарға сеніп тапсырмаңыздар деп ескертеді . Ал, осындай жайттың куәсі немесе құрбаны болсаңыздар, уақыт жоғалтпай шұғыл «102» телефонына хабар беріңіздер!

Түркістан облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?