• Сб. Май 11th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жергілікті тұрғынды өлтірген күдікті ұсталды

Автор:REVIZORRO

Авг 8, 2019

Бұрын хабарланғандай, 18.06.2019 жылы Шымкент қаласында өртенген үйдің ішінде жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.
Жергілікті тұрғынды өлтірген күдікті ұсталғаны туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

29.07.2019 жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен қала тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы сомасы 1 100 000 теңгеден астам алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері қаскүнемнің ұрланған ақшаға автокөлік сатып алғанын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру», 192-бабы «Қарақшылық» және 202-бабтарымен «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

01.08.2019 жылы Шымкент қаласының Мамандандырылған тергеу сотымен ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу шаралары жалғасуда.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?