• Сб. Май 11th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан: Үйінде есірткі егіп, сақтаған күдіктіні құрықтады

Автор:REVIZORRO

Авг 15, 2019

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрсұлтан Бексейітов өзінің аймағындағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында есірткі затына ұқсас зат өсіріліп жатқанына күмәнданатынын айтып, тексеру жұмыстарын жүргізуді сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі. Учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Бексейітовтың көрсеткен мекен-жайына тез арада жеткен тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғын-үй ауласын тексеру барысында, бау-бақшада «сора» есірткі затына ұқсас 3 түп өсімдік заты мен қораның ішінде 2-дана полиэтилен пакетке салынған «марихуанна» есірткі затына ұқсас айғақты заттар тауып, тәркілеп алған. Есірткі құқралдары, психотроптық заттарды және прекурсорларды сот сараптаманың қорытындысы бойынша зерттеуге ұсынылған 3 дана өсімдік «сора» болып табылды. Ал пакеттерге оралған есірткі құралы – кептірілген марихуанна екені анықталып, салмағы шамамен 650 грамды құрады. Күдіктінің қан құрамын тексеру барысында қанынан марихуанна табылып, есірткі затын өзі қолданатыны анықталған. Аталған оқиға дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабымен СДТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, бас шарасы қолхатта. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолдану өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді. Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?