• Вс. Май 12th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағанды облысының ТЖД дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша жедел штаб жұмыс істеуде

Автор:REVIZORRO

Авг 8, 2019

Қарағанды облысында күн сайын дала өрттерімен күресуде. Ағымдағы жылы қалыптасқан ыстық ауа райы жауын-шашынсыз табиғи өрттер

санының өсуіне ықпал етеді. Ал жел қысқа мерзімде оттың таралуын күшейтеді.

Тек өткен тәулікте 7 тамызда Жаңаарқа, Қарқаралы, Шет, Ұлытау, Осакаровка және Бұқар-Жырау аудандарында 10 дала өрті жойылды.

Бүгінгі күні Шет және Ұлытау аудандарында өрттерді жою жалғасуда.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде дала өрттерін сөндіруді ұйымдастырудың шұғыл штабы жұмыс істейді.

Шет ауданында 4 ауылдық округте: Өспен, Тағылы, Шет, Төменгі Қайрақты алдын-ала 5000 га құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге Қарағанды қаласының, Балқаш қаласының және Шет ауданының өрт сөндіру бөлімдері, барлығы 45 адам және 7 дана техника, сонымен қатар 294 адам және ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің 50 дана техникасы жіберілді. Бүгін, 8 тамызда, сағат 11: 30-да өрт сөндірілді (өрттің таралуы тоқтатылды). Күйіп кетуді жою бойынша жұмыс жалғасуда.

Негізгі күштер елді мекендерді қорғауға бағытталған. Біз тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейленбеуге және дала массивтеріне баруды шектеуге шақырамыз.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста 290 дала өрті және құрғақ шөптің тұтануы орын алды. Жалпы өрттің ауданы 9000 га-дан асады.

Тұрғындарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде ұшқын ұстайтын қондырғыларды қолданыңыз.

Қарағанды облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?