• Пт. Май 10th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының учаскелік полицейлері адасқан ағайынды балаларды тауып, анасына табыстады

Автор:REVIZORRO

Авг 12, 2019

Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ ювеналды Полиция тобының инспекторы полиция сержанты Мурат Пернешов облысымызда өткізіліп жатқан «Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасы барысында, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, кәмелет жасына толмаған балалардың түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуін қадағалап, жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Осындай кезекті рейд күні, Сарыағаш қаласы көшелерінің бірінде 11 жасар қыз бен 10 жасар ұл баланың ата-аналарынсыз түнгі сағат 3-терде жүргенін көріп, оларды тоқтатып не үшін жүргендерін сұрастырады. Алайда қарны аш, қорқып қалған балалар полицейге дұрыс жауап бермейді. Жағдайдың қиын екенін түсінген учаскелік полицейлер тез арада ағайынды балаларды Сарыағаш АПБ-не жеткізіп, ас-суын беріп тамақтандырады. Психологты шақырып, балалармен тілдестіріп, не үшін жүргендерін, қайда шыққандарын, кіммен, қай жерде тұратынын, қай мектепте оқитынын жайлап сұрастырып, кәмелет жасына толмаған ұл мен қыздың жеке бастарын анықтайды. Балалар тарапынан берілген ақпарат көздері арқылы, аталған жасөспірімдер кешкі сағат 17:00 шамасында тұрғылықты мекен-жайынан шығып, әкелеріне бармақ болып, адасқандары анықталды. Балалардың ата-анасы ажырасқан болып шықты. Анасымен тұратын бауырлар әкелерін сағынғандықтан, сол үйге өздері бармақ болған. Әпкесі мен інісі айтқан мәлімет бойынша тұрғылықты мекен-жайлары анықталып, балалар анасына табысталды. Ал, анасы екі баласын өздігінен іздеп таба алмайды. Алайда полицейлерге хабар бермеген. Десекте, полицейлер тарапынан кезекті жүргізіліп жатқан қарқынды іс-шаралар мен күнделікті жұмыстар арқасында балалар дін-аман табылып, үйлеріне оралды. Өз кезегінде екі бірдей баласымен қауышқан ана, полицейлерге алғысын жаудырды. Жұмыстарын мінсіз атқарған тәртіп сақшыларына, оның ішінде көшеде адасып қалған балаларын көріп қалып, жедел іске кірісіп әрекет еткен, Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ ювеналды Полиция тобының инспекторы полиция сержанты Мурат Пернешовке аналық ақ тілегін білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ, екінші жартым деп тапқан жарларыңызбен ажырасып, екі ортада балаларыңызды қинамаңыздар. Отбасын да жайлылық пен тыныштық болса, қоғамда тыныш болатынын естеріңізге салады.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?