• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Есірткіге қарсы халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясын өткізу туралы

Автор:REVIZORRO

Сен 16, 2018

15 қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттер есірткіге қарсы бөлімшелерінің, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қатысуымен Халықаралық есірткіге қарсы «Канал-Красный бархан» операциясы аяқталды.

Қатысушы-ел құқыққорғау органдарының өзара әрекеттесуі мен үйлестіру іс-әрекеттері Шымкент қаласында орналасқан құрылған Халықаралық үйлестіру штабымен жүзеге асырылды.

Операцияға 22 мыңнан астам құқыққорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Бақылаушы ретінде Еуропалық Одақ, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі Еуразиялық топ, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі Өңірлік басқармасы, ОАӨАҮО халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

«Канал-Красный бархан» операциясының негізгі міндеттері апиынның контрабанда арналарының жолын кесу, трансұлттық есірткі топтарының қызметін, есірткі кірістерін заңдастыруын алдын-алу, заңсыз айналымнан қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеу болып анықталды.

Операцияның міндеттерінің санына Қызылорда облысында қарасораны заңсыз өсіруге және Жамбыл облысында жабайы өсетін қарасораны дайындауға қарсы әрекет ету енгізілді.

Операцияны өткізуге 4 «Тигр» брондалған автокөліктері, 6 бірлік «Багги» сыныпты, 15 -тен астам жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктері, МИ-171Е тік ұшағы іске қосылды.

Арнайыоперация шеңберінде ІІМ «Дельта-Долина» бөлімшесінің аумағында Қазақстан және Қырғызстан ІІМ кинологиялық қызметтерінің бірлескен жаттығулары, қызметтік-іздестіру иттерінің көрнекі өнер көрсетулерімен өткізілді.

Операция нәтижесінде ат салысқан мемлекеттер аумағында заңсыз айналымынан 9 тонна есірткі, оның ішінде 5 тонна апиындар, 38 кг героин, 2 тонна синтетикалық есірткілер, 800 кг гашиш және 830 кг марихуана тәркіленді.

115 бірлік қару-жарақтар, 2,5 мыңға таяу оқ-дәрілер, 127 мың АҚШ доллар сомасынан астам материалды бағалы заттар мен басқа да заттар тәркіленді.

719 есірткі қылмыстары ашылды, 7 мыңға таяу қылмыстық істер қозғалды. Заңсыз операциялар үшін 500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«REVIZORRO»

ҚР ІІМ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?