• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері кинологиялық қызметтің жұмысы туралы оқушыларға экскурсия жасады.

Автор:REVIZORRO

Сен 21, 2018

2018 жылғы 18 қыркүйекте Түркістан облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларына арнап Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырып, балаларға қызметтік полицей-иттердің жаттығуларын көрсетіп, кинологтардың жұмысымен таныстырды.

Аталған іс-шара есірткіге қарсы күрес жіне жастар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында өткізіліп отыр. Сондай-ақ, қылмыскерлерді ұстауда және қылмысты ашуда иттердің қызметін насихаттау болып отыр.

Тәртіп сақшылары экскурсия барысында оқушыларға кинологтар немен айналысатынын және полицияда қызмет атқаратын иттердің түрлері қандай болу керектігін әңгімелеп берді. Полицейлер төртаяқты көмекшілердің ең басты қаруы: қылмысты ашуға мықты тістер мен иіс сезу және есту қабілетінің мықты болуын атап өтті.

Полицейлер мектеп оқушыларына қызметтік иттерді ұстайтын орындарын көрсетті. Кинологтар мен қызметтік иттер өздерінің есірткі затын табу, жарылғыш заттарды табу, сондай-ақ, бірнеше бұйрықтарды орындау секілді шеберліктерін көрсетті. Кинологиялық қызмет орталығында бүгінде 35 қызметтік иттер бар. Оның ішінде: Есірткі заттарын іздестіру бойынша – 10, із кесу бойынша – 5, жарылғыш заттарын іздестіру бойынша – 5, одорология (детектор иттер) -3, қоғамдық тәртіпті сақтауға – 4, асылдандыру бағыты бойынша – 7, шабылдау бағыты бойынша -1.

Қорытындылай келе мектеп оқушылары тәртіп сақшыларына өздері қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Балалар қызметтік иттердің қалай қылмыс ашқаны мен қылмыскерлердің ізіне түскенін ерекше қызығушылықпен тыңдады. Мектеп оқушылары полицейлерді экскурсия үшін алғысын білдіріп, полиция қызметкерлеріне және олардың төртаяқты әріптестеріне жұмыста табыс тіледі. Ерекше әсер алған мектеп оқушылары бұл кездесуді әрқашан еске сақтайтыны сөзсіз.

«REVIZORRO»

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?