• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Автокөліктер жанып жатыр

Автор:REVIZORRO

Сен 21, 2018

Ағымдағы жылдың басынан Жамбыл облысының аумағында 129 автокөліктің өртену оқиғасы тіркелді. Автокөлік құралдарының негізгі жану себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылды. Көбінесе өрт оқиғалары мотор бөлігінде орын алған. Бұл бөліктің шағын ғана көлемінде шоғырланған түйіндер мен агрегаттарында капот астында тұтанып жанатын жанғыш қоспалары бар болуы жағдайына байланысты – бұл бензин, дизель оты, мотор майы, трансмиссиялық және тежеуіш сұйықтылығы, рөлдің гидравликалық күшейткішінің сұйықтығы.

Көліктегі өрт қолайлы негізінен байқаусыз басталады. Түтін мен исі шықпағанша оны табу оңай емес, ал табылған жағдайда өрт сөндіргіш құралының көмегі қажет болмайтын жағдайға дейін өршуі мүмкін. Автокөлік салонын өрттің құрсаулау уақыты жану сипатына байланысты бірнеше секундтан 3 минутқа дейін болады. Ал 10 минуттың ішінде жеңіл автокөлік толығымен жанып кетуі мүмкін.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйекте Тараз қаласы, Лукманова көшесі,тұрғын үйдің жанында «Audi-80» маркалы автокөліктің,19 қыркүйекте Қордай ауданы, «Алматы — Ташкент» тас жолының 241 шақырымында «Nissan Cefiro» жеңіл автокөлігінің өртенуі болды.

Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:

· қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;

· электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;

· қосымша электр құрылғыларының,(электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың) және т.б., дұрыс орнатылуы;

· ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.

Автотұрақ бөлмелерінде (гараждарда) жол бермеу қажет:

· жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға

· электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;

· автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;

· бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;

· жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға;

· тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтарды сақтауға.

Айсулу Тлеукулова,

Жамбыл облысы ТЖД халыққа

хабар беру және оқыту тобының бас маманы

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?