08.10.2018ж. Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында өткен «Ел жүрегі-Астана» патриоттық ән байқауы өз мәресіне жетті. Тартысты өнер додасына республикамыздың өңірлерінен алты команда қатысып, 3 номинация бойынша бағын сынады. Қатысушылардың орындаған шығармалары жиналған қауымның көңілінен шығып, оларға жоғары баға берілді. Бұл үрдіс әлі де жалғасын табады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Балалар вокалы (эстрадалық) номинациясында бірінші орынды Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінен Дагилова Айлуна Тимуровна ие болды. Көліктегі Ішкі істер департаментінен Сапарова Дария Мұратқызы 2 орынға жайғасты. 3 орынды Қызылорда Ішкі істер департаментінен Маратов Мақсат Ержанұлы иеленді.
Қазақ ұлттық аспаптарынан құрылған оркестрмен өлең айту номинациясында 1 орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің аспаптар оркестрі иеленді. Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне 2 орын бұйырды. 3 орынды Көліктегі Ішкі істер департаментінің командасы жеңіп алды.
Вокалды-аспаптар ансамблі номинациясы бойынша Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 1 орынға ие болды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің командасы 2 орынды қанағат етті. 3 орын Қызылорда облысы Ішкі істер департаментіне бұйырды.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«REVIZORRO»
Шымкент ҚІІД-нің Баспасөз қызметі
