• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО прокурорлары айыппұлдардың өндірілуін тексерді

Автор:REVIZORRO

Сен 5, 2019

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары әкімшілік айыппұлдардың орындалуына тексеріспен 280 млн. теңгенің атқарушылық құжаттары бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен жіберілген заң бұзушылықтарды анықтады.

Өндірісті дер кезінде қозғамаудың 2968 фактісі, банкрот болған кәсіпорынға қатысты 21 құжатты қысқартпау, табыстан өндіру туралы 848 қаулыны бақыламау, шет елге шығуға тыйым салмаудың 29 және құжаттарды заңсыз қайтарудың 129 фактісі анықталды.

Ақпараттық жүйелердің көмегімен прокурорлар 6 мың борышкердің табысы мен еңбекақысы, мүлкі, банктік шоттары мен дебиторлық берешектерін тапты.

Мысалға, 2018 жылғы қыркүйектен бері жеке сот орындаушыда «К» ЖШС-де жұмыс жасайтын борышкер Ж. 15 мың теңге айыппұлды өндіру туралы құжат болған.

Төленбеген 72 мың теңге айыппұлы болса да борышкер Х. соңғы жеті айда 10 рет Қазақстанның шекарасынан шыққан.

Басқа сот орындаушы жарты жыл бойы 5 мың теңге айыппұл өндірмеген, ал әділет органдарының ақпараттық жүйесіне сәйкес борышкер М. жеке кәсіпкер болып тіркелген және тұрақты түрде салық төлеп тұрады.

Келесі жағдайда «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 58-бабына қайшы, сот орындаушысы тоғыз ай бойы борышкер «Б» ЖШС-нің банктегі 1,4 млн. теңгесі бар шотына инкассалық өкім қоймаған. Прокуратураның нұсқауымен 113 мың. теңге айыппұл толық өндірілді.

Прокурорлармен рейд кезінде «Автоураган» жүйесімен айыппұлдары дер кезінде төленген автокөліктерді негізсіз тоқтатудың 20 фактісі анықталды.

Сот орындаушылар adilet.gov.kz ресми сайтынан құжатты орындаған борышкерлер туралы мәліметтерді, автокөліктерге салынған тыйымдарды уақытылы алмаған.

Тексеріс нәтижесінде 23 сот орындаушысы мен Әділет департаментінің 2 басқарма басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қадағалау актілерімен 48 млн. теңгенің 2,3 мың құжаты орындалды.

Қазіргі уақытта сот орындаушылары полициямен бірлесіп қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте заң бұзушылықтарды жою және айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?