• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО прокуратурасы футболдан өткізілген турнирде 2 орын алды

Автор:REVIZORRO

Сен 20, 2019

2019 жылғы 18 қыркүйекте орталық стадионда милиция полковнигі Карл Махамбетовті еске алуға арналған құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті.

Қазақстанның Әнұраны орындалып, жарыс салтанатты түрде ашылған соң ПД, ҰҚКД, ҚАЖД, ТЖД, Ақтөбе қ. ТЖД, Ұлттық гвардия, 2029 ӘБ, Күзет, ЖПБ және Прокуратура командалары олимпиада жүйесінде бақ сынасты.

1 айналым: ТЖД — ҚАЖД 0:1, Ақтөбе қ. ТЖД — ПД 1:1 (пенальти 2:0), Прокуратура — ҰҚКД 0:0 (пенальти 2:1), Күзет — 2029 ӘБ 2:0, Ұлттық гвардия — ЖПБ 0:0 (пенальти 3:2).

2 айналым: ҚАЖД — Ақтөбе қ. ТЖД 0:3, Прокуратура — Күзет 1:0, Прокуратура — Ұлттық гвардия 2:1.

3 орын үшін ойын: ҚАЖД — Ұлттық гвардия 0:0 (пенальти 5:3).

Финал: Ақтөбе қ. ТЖД — Прокуратура 5:0.

Нәтижесінде Ақтөбе қ. ТЖД құрамасы жеңімпаз атанса, БҚО прокуратурасы 2 орын алды, ал 3 орынды ҚАЖД иеленді.

Үздік шабуылшы І. Қаиров (Прокуратура), үздік қорғаушы И. Амирхан (ҚАЖД) және С. Бондаренко (Ақтөбе қ. ТЖД) үздік қақпашы болып танылды.

«Динамо» ҚБ БҚОФ ұйымдастыратын турнир 2014 жылдан бері өткізіл келеді.

Бауыржан Ахметжан

БҚО прокуратурасының ресми өкілі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?