• Чт. Май 9th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкенттің прокурорлары іздеуде жүрген борышкерді анықтады

Автор:REVIZORRO

Сен 24, 2019

Мемлекеттік сот орындаушылар 2018 жылдың қыркүйек айында «О» есімді борышкерге іздеу жариялаған. Онын мемлекет алдында 46 млн. тенгеден астам қарызы бар.
Атқарушылық іс-әрекеттер борышкердің іздеуде жүргендігіне байланысты тоқтатылған.
Бір жылдан аса уақыт өтсе де борышкердің жүрген жері не сот орындаушылармен, не көші-қон полиция қызметкерлерімен анықталмаған.
Қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкер «О» жүрген жерін анықтап, сол күні ол дереу сот орындаушыларға жеткізілді.
Келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс-өндірісі қозғалып, 12 625 тенге көлемінде айыппұл салынды (Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 18.09.2019 жылғы қаулысына сайӘҚБтК 669 бабымен).
Сот шешімінің әрі қарай орындалуы бақылауда.
Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?